Алматыда джип полицейді қағып кетті

© Photo : polisia.kzПатрульдік полицей
Патрульдік полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Жазылу
Жол талғамайтын көліктің иесі полицейді артынан соққан
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматыда көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді джип таптап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл оқиға күндіз Желтоқсан мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болған. Жол талғамайтын көліктің иесі полицейді артынан соққан. Оның айтуынша, сол кезде көлік көп болды. Соның салдарынан полицейді байқамай қалды.
Жерге құлаған тәртіп сақшысы өздігімен тұра алмады. Көлік иесі болса, бірден тоқтап, жедел жәрдемді шақырған.
Дәрігерлер полицияның аға лейтенантын ауруханаға алып кетті. Сол жерде қарағаннан кейін үйіне жіберді.
Джип иесі қамауға алынған жоқ. Оны да үйіне жіберді. Бірақ алдымен түсініктеме алды. Қазіргі кезде әкімшілік іс қозғалды.
Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Жаңалықтар
0