https://sputnik.kz/20251107/qytay-qazaqstannyn-avtomobilmen-zhuk-tasymaldaushylaryna-shekteusiz-ruqsat-bere-bastaydy--58549615.html
Қытай қазақстандықтарға автомобильмен жүк тасымалдауға шектеусіз рұқсат береді
Қытай қазақстандықтарға автомобильмен жүк тасымалдауға шектеусіз рұқсат береді
Sputnik Қазақстан
Былтыр қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған 07.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-07T16:27+0500
2025-11-07T16:27+0500
2025-11-07T16:34+0500
қазақстан
қытай
шекара
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34140095_0:50:960:590_1920x0_80_0_0_ff313296e6bdef96e0ad21f35595047c.jpg
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Қазақстан мен ҚХР автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті, деп хабарлайды көлік министрлігі.5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан мен Қытайдың көлік министрліктерінің өкілдері халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесу өткізді.Болашақта рұқсат бланкілері күн сайын берілетін болады. Сондай-ақ 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз, яғни шексіз түрде беру жүйесіне көшу жоспарланып отыр."Қытайға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралына, ҚХР заңнамасын бұрын бұзбаған жағдайда, рұқсаттар автоматты түрде беріледі", - дейді министрліктегілер.Былтыр қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған, ал осы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған.
https://sputnik.kz/20251101/qytay-aqmola-oblysynda-elevator-men-zauyt-qurylysyna-investitsiya-salady-58381823.html
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34140095_54:0:907:640_1920x0_80_0_0_c2420e62f46c4a3b5085b59282dec41e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, шекара
Қытай қазақстандықтарға автомобильмен жүк тасымалдауға шектеусіз рұқсат береді
16:27 07.11.2025 (жаңартылды: 16:34 07.11.2025) Былтыр қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Қазақстан мен ҚХР автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті, деп хабарлайды
көлік министрлігі.
5-6 қараша күндері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан мен Қытайдың көлік министрліктерінің өкілдері халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесу өткізді.
"Келіссөз нәтижесінде биыл 6-12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкілерін береді. Осылайша жеті күннің қорытындысы бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі айқындалады", - дейді ведомстводағылар.
Болашақта рұқсат бланкілері күн сайын берілетін болады. Сондай-ақ 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз, яғни шексіз түрде беру жүйесіне көшу жоспарланып отыр.
"Қытайға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралына, ҚХР заңнамасын бұрын бұзбаған жағдайда, рұқсаттар автоматты түрде беріледі", - дейді министрліктегілер.
Былтыр қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған, ал осы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған.