Ақмола мен Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевТас жол
Тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2025
Жазылу
Жолдарды 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Ақмола мен Павлодар облыстарында көлік қозғалысын шектеу енгізілді. Қазавтожол шұғыл ақпарат таратты.
7 қараша сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Өйткені қарлы боран соғып, ақтүтек болады.
Ақмола облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі жабылады. Яғни Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралыққа көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Павлодар облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаске. Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін жол жүруге болмайды.
Жолдарды 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан табиғаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Шығыс Қазақстандағы асуда қыстың аяғына дейін шектеу енгізіледі
Жаңалықтар
0