Шығыс Қазақстандағы асуда қыстың аяғына дейін шектеу енгізіледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШығыс Қазақстан табиғаты
Шығыс Қазақстан табиғаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Осыған байланысты көлік жүргізушілері қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап отыруы қажет
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Уақытша шектеу ертең, 5 қараша күні сағат 08:00-ден бастап тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерге қатысты болады.
"Бұл шара Осинов асуындағы күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр. Шектеу республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46–66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты көлік жүргізушілері қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап отыруы қажет.
Тас жолдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілді
Жаңалықтар
0