Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевТас жолдағы қар
Тас жолдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Көліктің барлық түрі үшін жылдамдық 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін шектеледі
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"Бүгін, 3 қарашада сағат 16:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19–231 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ауа райы қалыпты болса, жылдамдық режимі бүгін сағат 21:00-де қайта қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.
Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты қабылданған шара, дейді компаниядағылар.
На границе России и Казахстана талая вода затопила автотрассу - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды
Жаңалықтар
0