Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды

© Photo : Пресс-служба компании "КазАвтоЖол"На границе России и Казахстана талая вода затопила автотрассу
На границе России и Казахстана талая вода затопила автотрассу - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылған
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Үш облыста қардың еруіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
"25 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
-Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды.
Аким Актюбинской области проверил строительство моста в Уиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Бірнеше өңірде өзен деңгейі көтеріліп, ауылдарды су басу қаупі бар – Қазгидромет
Жаңалықтар
0