https://sputnik.kz/20250325/birneshe-onirde-ozen-dengeyi-koterilip-auyldardy-su-basu-qaupi-bar--qazgidromet-51911332.html
Бірнеше өңірде өзен деңгейі көтеріліп, ауылдарды су басу қаупі бар – Қазгидромет
Бірнеше өңірде өзен деңгейі көтеріліп, ауылдарды су басу қаупі бар – Қазгидромет
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Республиканың бірнеше өңірінде өзен деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі бар, деп хабарлады Қазгидромет. 25.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-25T18:45+0500
2025-03-25T18:45+0500
2025-03-25T19:29+0500
ауа райы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51854947_4:0:1277:716_1920x0_80_0_0_8bfb757e3ad94e6583d445a7e0a35013.jpg.webp
АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Республиканың бірнеше өңірінде өзен деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі бар, деп хабарлады Қазгидромет.26-27 наурызда Қостанай облысында еріген қар суынан Шортанды өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазгидрометтің болжамынша, елді мекендерді су алу қаупі бар.Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүруі ықтимал. Ведомство тауға серуендуден аулақ болуды ескертті.Еріген қар суынан Солтүстік Қазақстан облысында да автожолдар мен елді мекендерді су басу қаупі бар. Облыстағы Үлкен Тарангүл көлінде су деңгейі көтеріледі, дейді синоптиктер.Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында су деңгейі көтеріледі. Бұл таяу маңдағы елді мекендерге қауіп төндіруі ықтимал.Ақмола облысында да 25-27 наурыз аралығында су деңгейі көтеріледі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында осы қауіп сақталады. Еріген қар суынан өзендерде мұз кептелісі болып, салдарынан өзен тасуы мүмкін.Дәл осындай жағдай Абай, Жетісу облыстарында сақталады. Қазгидромет ауа рйының күрт құбылуына байлансты басқа облыстарда да дабылды ескерту жасады.
https://sputnik.kz/20250325/almaty-oblysynda-ozen-arnasynan-asty-auyldagy-uylerdi-su-basty-51909225.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51854947_163:0:1118:716_1920x0_80_0_0_594cb642d7726de9e468a83d1f53920c.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы, су тасқыны
Бірнеше өңірде өзен деңгейі көтеріліп, ауылдарды су басу қаупі бар – Қазгидромет
18:45 25.03.2025 (жаңартылды: 19:29 25.03.2025) АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Республиканың бірнеше өңірінде өзен деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі бар, деп хабарлады Қазгидромет.
26-27 наурызда Қостанай облысында еріген қар суынан Шортанды өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазгидрометтің болжамынша, елді мекендерді су алу қаупі бар.
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүруі ықтимал. Ведомство тауға серуендуден аулақ болуды ескертті.
Еріген қар суынан Солтүстік Қазақстан облысында да автожолдар мен елді мекендерді су басу қаупі бар. Облыстағы Үлкен Тарангүл көлінде су деңгейі көтеріледі, дейді синоптиктер.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында су деңгейі көтеріледі. Бұл таяу маңдағы елді мекендерге қауіп төндіруі ықтимал.
Ақмола облысында да 25-27 наурыз аралығында су деңгейі көтеріледі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында осы қауіп сақталады. Еріген қар суынан өзендерде мұз кептелісі болып, салдарынан өзен тасуы мүмкін.
Дәл осындай жағдай Абай, Жетісу облыстарында сақталады. Қазгидромет ауа рйының күрт құбылуына байлансты басқа облыстарда да дабылды ескерту жасады.