Алматы облысында өзен арнасынан асты: ауылдағы үйлерді су басты

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаВ Акмолинской области удалось избежать подтопления села Чаглинка
В Акмолинской области удалось избежать подтопления села Чаглинка - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бірнеше үй мен әлеуметтік нысанды су басты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шыққан.
"Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты", - деп жазды ведомство.
Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, өзен жағасы заңсыз тарылып, тасыған су арнасынан шығып кеткен.
Өйткені тұрғындар өзеннің арнасына қоршаулар мен күркелер салып тастаған.
"Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдетіп жатыр. Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды", - дейді төтенше жағдай мамандары.
Қазіргі уақытта су ағысы тоқтатылған. Заң бұзғандар анықталып, өзен арнасы қалпына келтіріліп жатыр.
Паводковую ситуацию в Павлодарской области проверил аким области Байханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны дронмен бақыланып жатыр
Жаңалықтар
0