Президентке халықаралық нарыққа шыққан отандық стартаптар таныстырылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Президентке мына стартап жобалар таныстырылды:
еліміздің алғашқы "сыңармүйіз" стартапы – Higgsfield AI жасанды интеллектіге негізделген кинематографиялық сапалы бейнені генерациялауға арналған платформасы;
Deep Infra – машиналық оқыту модельдерін орналастыруға және іске қосуға арналған қызмет;
Valinor – биотехнология саласындағы стартап;
ARC Drones – автономды дрондарды әзірлеуші.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad Innovations технология хабының қызметі туралы ақпарат берілді. Ол Кремний алқабында Орталық Азия елдерінің талантты жастары мен стартаптарына қолдау көрсетеді.
Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты. Бұл ұлттық ІТ экожүйесінің инновациялық әлеуетін танытады.
Мемлекет басшысы жоғары технология саласындағы отандық компаниялардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттің маңызын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы және Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесті
Жаңалықтар
0