Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы және Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Жазылу
Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.
Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын айтты.
Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.
Касым-Жомарт Токаев прибыл с визитом в Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды
Жаңалықтар
0