Қазақстандықтар не нәрсеге кредитті көп алады

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуКір жуғыш машина
Кір жуғыш машина - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Биыл қыркүйек айында халық пен бизнестің екінші деңгейлі банктер алдындағы қарызы 38,7 трл теңгеге жеткен
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке алынған ақшаның қандай мақсаттарға жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, азық-түлікті кредитке алатын қазақстандықтар бар. Бірақ олардың саны көп емес.
"Шамамен, жалпы кредиттердің 10 процентіне де жетпейді. Бұдан бөлек, 20 процентке жуығы ұзақ қолданылатын тауарлар үшін алынады. 10 проценті үйді жөндеуге жұмсалады. Сосын оқуға және денсаулықты сақтауға да кредит рәсімделеді", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қыркүйек айында халық пен бизнестің екінші деңгейлі банктер алдындағы қарызы 38,7 трл теңгеге жеткен. Соның 70 проценті – 24 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі. Берешектің басым бөлігі – тұтунышылық кредиттер.
Айта кетері, алдағы уақытта ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі.
Процент белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Кредиттер бюджет есебінен кешіріле ме – агенттік басшысы жауап берді
Жаңалықтар
0