Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа стадион салынады

© Photo : Ерлан КаналимовСтадион "Астана-Арена" прошел реконструкцию
Стадион Астана-Арена прошел реконструкцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
Жалпы 14 жаңа стадион салу қажет
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жаңа стадиондардың құрылысы жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадион пайдалануға берілген болатын. Жаңа ғимарат УЕФА талаптарына сай салынды. Ал Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Оны 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.
"Жалпы 14 жаңа стадион салу қажет. Олардың 10-ы бойынша жобалау-сметалық құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған 7 стадионды қайта жаңарту қажет. Қарағанды және Орал қалаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Атырау және Ақтау қалаларында жобалау құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды", - деді Мырзабосынов үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, Өскемендегі стадионның жобасы сараптамадан өтіп жатыр. Алматы және Жезқазған қалаларында жобалау құжаттары әзірленеді.
Футбол. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Үкіметте қай футбол клубтары жекеменшікке өтетіні айтылды
Жаңалықтар
0