Үкіметте қай футбол клубтары жекеменшікке өтетіні айтылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуФутбол. Иллюстративное фото
Футбол. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2025
Жазылу
"Қайсар" футбол клубын ресми түрде TAU GROUP LTD басшысы Исламғали Қозбақов сатып алды
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Үкіметтің бүгінгі отырысында жекеменшікке өтетін футбол клубтарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лорияның айтуынша, төрт күн бұрын "Қайсар" футбол клубын ресми түрде TAU GROUP LTD басшысы Исламғали Қозбақов сатып алды. Ал жергілікті әкімдік футбол академиясын салу үшін жер телімін бөліп берді. Бұл жобаның құны – 12 млрд теңге.
"Қызылжар" футбол клубы бойынша 15 қарашаға дейін жаңа инвесторға меншік құқығын беру аяқталады. "Жеңіс" клубының үлесін инвесторға беру шаралары атқарылып жатыр. Оны да 15 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Астана әкімдігі футбол академиясына жер телімін бөлді. Академияның жалпы құны 16 млрд теңгені құрайды", - деді Лория үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, "Шахтер" футбол клубын жекеменшікке беру шаралары қарашаның соңында аяқталады. Оған жалпы 18 млрд теңге құйылады.
Айта кетері, "Қызыл-Жар" футбол клубы "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ (Сергей Кан) сатып алуға ниетті. Freedom Finance (Тимур Турлов) "Шахтер" футбол клубын, Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) "Жеңіс" футбол клубын сатып алуды көздеп отыр.
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Олигархтар футбол клубтарын сатып алуды көздеп отыр – тізім жарияланды
Жаңалықтар
0