Өзбекстан Қазақстан астығын экспорттауды 42%-ға арттырды

© Photo : Официальная страница акимата области АбайАстық алқабы
Астық алқабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннаны құрады
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, осы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды.
Салыстырмалы түрде қарасақ, былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл — экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, дейді ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты.
Сонымен қатар Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.
Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді, дейді ведомство өкілдері.
Ақмола облысы астық көлемі бойынша жаңа рекорд орнатпақ   - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Ақмола облысы астық көлемі бойынша жаңа рекорд орнатпақ
Жаңалықтар
0