https://sputnik.kz/20251002/aqmola-oblysy-astyq-kolemi-boyynsha-zhana-rekord-ornatpaq---57564013.html
Ақмола облысы астық көлемі бойынша жаңа рекорд орнатпақ
Ақмола облысы астық көлемі бойынша жаңа рекорд орнатпақ
Sputnik Қазақстан
Өңірде қазіргі кезге дейін 6 млн тоннадан астам астық бастырылды 02.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-02T18:08+0500
2025-10-02T18:08+0500
2025-10-02T18:08+0500
ақмола облысы
астық
бидай
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101558_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_14ab1f4d0a53523d7ffd31125e705536.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қазірдің өзінде 6 млн тоннадан астам астық бастырылды. Жалпы өнім көлемі 7 млн тоннадан асады деп болжанып отыр. Мұндай жоғары көрсеткіш өңірде соңғы 13 жылда болмаған. Қазіргі уақытта астық жинау науқанының 80%-тен астамы аяқталды. 156 шаруашылық жұмысты толықтай аяқтаған. Биыл егістік алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жеткен. Мыңға жуық фермер қаржыландыруға ие болып, машина-трактор паркін жаңартуға және шаруашылықтардың техникалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік алды. "Дала жұмыстарына 20 мыңға жуық техника жұмылдырылып, жеңілдікпен дизель отыны берілді. Соңғы екі жылда майлы дақылдар алқабы 2,5 есеге өсіп, алғаш рет 500 мың гектарға жетті. Сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқымдар себілетін аумақтың үлесі артып келеді. Бұл алдағы жылдардағы жаңа рекордтық нәтижелердің негізін қалайды", - делінген хабарламада.Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы өнім соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. 7,2 млн тонна астық пен 650 мың тоннадан астам майлы дақыл жиналады деп жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20250928/astyq-ondirushiler-men-eksporttaushylardy-qoldau-sharalary-tagy-bir-zhylga-uzartyldy-57449549.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/10/57101558_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7f31e8f47c8ad03739f1ecd4fea979fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, астық, бидай, рекорд
ақмола облысы, астық, бидай, рекорд
Ақмола облысы астық көлемі бойынша жаңа рекорд орнатпақ
Өңірде қазіргі кезге дейін 6 млн тоннадан астам астық бастырылды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ақмола облысында қазірдің өзінде 6 млн тоннадан астам астық бастырылды. Жалпы өнім көлемі 7 млн тоннадан асады деп болжанып отыр.
Мұндай жоғары көрсеткіш өңірде соңғы 13 жылда болмаған. Қазіргі уақытта астық жинау науқанының 80%-тен астамы аяқталды. 156 шаруашылық жұмысты толықтай аяқтаған.
"Орташа өнімділік гектарына 15,9 центнерді құрады, астықтың елеулі бөлігі жоғары сапамен ерекшеленеді. Мұндай нәтижеге қолайлы табиғи жағдайлармен қатар, аграрлық сала өкілдеріне маусымдық науқанға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берген кешенді мемлекеттік қолдаудың ықпалы", - деп жазды ауылшаруашылығы министрлігі.
Биыл егістік алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жеткен. Мыңға жуық фермер қаржыландыруға ие болып, машина-трактор паркін жаңартуға және шаруашылықтардың техникалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік алды.
"Дала жұмыстарына 20 мыңға жуық техника жұмылдырылып, жеңілдікпен дизель отыны берілді. Соңғы екі жылда майлы дақылдар алқабы 2,5 есеге өсіп, алғаш рет 500 мың гектарға жетті. Сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқымдар себілетін аумақтың үлесі артып келеді. Бұл алдағы жылдардағы жаңа рекордтық нәтижелердің негізін қалайды", - делінген хабарламада.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы өнім соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. 7,2 млн тонна астық пен 650 мың тоннадан астам майлы дақыл жиналады деп жоспарланып отыр.