Алматыда жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесі істемегені үшін 3 шенеунік жазаланды

© Sputnik / Ертай Сарбасов Люди выбежали на улицу во время землетрясения в Алматы, 23 января 2024 года

Люди выбежали на улицу во время землетрясения в Алматы, 23 января 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен мердігер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Сонымен бірге жеткізілген жабдықтың сапасы мен сәйкестігіне тиісті бақылау жүргізбеген авторлық және техникалық қадағалау өкілдері жазаланды.
2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Алайда бұрын сатып алынған автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі өз деңгейінде жұмысын атқармауы салдарынан халық уақтылы хабарланбаған.
"Тергеу барысында "TNS-INTEC" ЖШС бас директорының жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдықты жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдегені және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған қылмыстық іс бойынша Алматы гарнизонының әскери соты үкім шығарды.
Жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары, сонымен бірге жеткізілген жабдықтың сапасы мен сәйкестігіне тиісті бақылау жүргізбеген авторлық және техникалық қадағалау өкілдері қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Сот барлық айыпталушыны кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан айыру және мемлекеттік әрі квазимемлекеттік органдарда белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын кесті.
 Алматы келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар
Жаңалықтар
0