Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

© Photo : Официальный канал акимата Алматы Алматы келбеті
 Алматы келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Сейсмологтар Алматыда магнитудасы 5.5 және одан да көп жер сілкінісі болмайды деген қорытынды жасады
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы дерегі бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің мамандар жер қыртысындағы "жойқын" 200-ге жуық процесті зерттей отырып, Алматыда магнитудасы 5.5 және одан да көп жер сілкінісі болмайды деген қорытынды жасады", - деді "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының" директоры Дәулет Сәрсенбаев.
Оның айтуынша, комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді. Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия жыл сайын Алматының сейсмикалық қауіпті өңіріндегі өткен жылғы нәтижелер бойынша сейсмикалық ахуалды бағалайды.
"Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының" мәліметтерінше, сейсмикалық жағдай 2024 жылғы ақпанға дейін бағаланды.
Сәрсенбаевтың айтуынша, сейсмикалық жағдай гидродинамикалық, гидрохимиялық, геофизикалық, деформациялық процестерді және тіпті биологиялық бақылауды кешенді мониторингілеу арқылы анықталады.
"Азаматтар жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі барлық тәртіп ережені нақты білуі керек. Жапонияны алып қарайық, онда жер сілкінісі үнемі болып тұрады, бірақ іс жүзінде зардап шеккендер болмайды. Тағы да еске түсірейік – Алматыда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер болды ма? Жоқ, адамдар дүрбелеңнен зардап шекті. Ал ол жағдайды түсінбеуден, әртүрлі жалған хабарламаның таралуынан және мемлекеттік органдартарапынан ақпарат жетіспеуі салдарынан пайда болды. Бұл бағытта жұмыс істеу керек", - деді Дәулет Сәрсенбаев.
Жаңалықтар
0