Әлеуметтік желіде діни және ұлттық араздық қоздырған Қарағанды тұрғынына үкім шықты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
2025 жылдың жазында ол "Threads" әлеуметтік желісінде, сараптама қорытындысы бойынша ұлттық және діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Сот Алика Мұхамадиеваға қатысты діни және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп хабарлады облыстық сот.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың жазында ол "Threads" әлеуметтік желісінде, сараптама қорытындысы бойынша ұлттық және діни араздық пен өшпенділікке қатысты сөздер жазған.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
Қылмыстық кодексте бұл қылмыс үшін екі мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жауапкерге жаза тағайындау кезінде сот оның қылмыстық жауаптылығын және жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескерді: сотталушының 2 жастағы кішкентай баласының болуы, кінәсін толық мойындауы және жасаған ісіне шын ниетпен өкінуі.
Сот үкімімен Алика Мұхамадиева кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Атырауда мұнай қызметкерін зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0