https://sputnik.kz/20250917/atyrauda-munay-qyzmetkerin-zorlap-oltirgen-qylmyskerge-sot-ukimi-shyqty-57158174.html
Атырауда мұнай қызметкерін зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Атырауда мұнай қызметкерін зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Атырауда NCOC компаниясының қызметкерін қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды... 17.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-17T17:30+0500
2025-09-17T17:30+0500
2025-09-17T17:30+0500
атырау
зорлық-зомбылық
адам өлтіру
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Атырауда NCOC компаниясының қызметкерін қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Қоғамды дүрліктірген қылмыстық істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Қылмыскерге бірнеше бап бойынша айып тағылды, олар: алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ ұрлық жасау және автокөлікті заңсыз иемдену.Оқиға қалай болған2022 жылы қылмыскер жәбірленуші пәтер сатып алған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Ол сенімге кіре отырып, жәбірленушінің автотұрақ сатып алуды жоспарлап жүргенін білген.Жүкті екенін айтқан...Бір жылдан кейін ол тағы да сантехникке қоңырау шалып, автотұрақ туралы есіне салады. Мәселе шешілмеген жағдайда шағым түсіретінін ескерткен. Өзінің жүкті екенін және одан әрі күту мүмкін емес екенін хабарлаған.Қылмыскер қандай жаза алдыКейін ол пәтерді тінтіп, сейфті ашып, қомақты ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап, көлік пен ұялы телефонды иемденген. Жалпы материалдық шығын 13 млн теңгеден асқан.Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, зорлық-зомбылық, адам өлтіру
атырау, зорлық-зомбылық, адам өлтіру
Атырауда мұнай қызметкерін зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
АЛМАТЫ, 17 қыркүйек – Sputnik. Атырауда NCOC компаниясының қызметкерін қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қоғамды дүрліктірген қылмыстық істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Қылмыскерге бірнеше бап бойынша айып тағылды, олар: алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ ұрлық жасау және автокөлікті заңсыз иемдену.
2022 жылы қылмыскер жәбірленуші пәтер сатып алған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Ол сенімге кіре отырып, жәбірленушінің автотұрақ сатып алуды жоспарлап жүргенін білген.
"Сантехниктің алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық пиғылы пайда болады. Ол ұйым қызметкерлері арқылы автотұрақты жеңілдікпен сатып алуға көмектесемін деп, жәбірленушіден 400 мың теңге алып, өзіне иемденген. Кейін жәбірленуші келісім туралы бірнеше рет есіне салған", - дейді сот.
Бір жылдан кейін ол тағы да сантехникке қоңырау шалып, автотұрақ туралы есіне салады. Мәселе шешілмеген жағдайда шағым түсіретінін ескерткен. Өзінің жүкті екенін және одан әрі күту мүмкін емес екенін хабарлаған.
"Осыдан кейін сантехник арызды рәсімдеу керек деген сылтаумен оған мас кезінде келген. Алаяқтықты жасыру үшін маска киіп алып, жәбірленушіні зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген", - дейді ведомство.
Қылмыскер қандай жаза алды
Кейін ол пәтерді тінтіп, сейфті ашып, қомақты ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап, көлік пен ұялы телефонды иемденген. Жалпы материалдық шығын 13 млн теңгеден асқан.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденді.
"Сотталушы айыптаудың барлық эпизоды бойынша кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді", - дейді Атырау облыстық соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.