https://sputnik.kz/20251102/qazaqstanda-biofarmatsevtikalyq-onim-shygaratyn-zauyt-salynady-58395913.html
Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады
Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 02.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-02T09:00+0500
2025-11-02T09:00+0500
2025-11-02T09:00+0500
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/01/58392689_0:145:3082:1879_1920x0_80_0_0_cc7a96d9a233eea79de42da5e105a2fa.jpg
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. $200 млн инвестицияға ие халықаралық компания толық циклді инновациялық биофармацевтикалық хаб салмақ. Жобаны жаңа перспективалы Алатау қаласында жүзеге асыру жоспарланып отыр, оған жер телімі бөлінген. Бұл туралы KGIR-2025 конференциясы аясында R-Pharma директоры Николай Земсков мәлімдеді."Біз бірлескен кәсіпорын құрдық. Қазір Қазақстан үкіметімен инвестициялық келісім жасалуын күтудеміз. Жоба инвестициялық штабтың мақұлдауынан өтті. Бізге президенттің өз Жолдауында айтқан болашақтың ең перспективалы қаласы – Алатаудан жер телімі берілді", - деді ол. Бірнеше жүздеген жұмыс орындарын құратын және жергілікті мәртебесі бар өнімдерді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар экспортқа да шығаратын инновациялық хабты үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ компания дәрі-дәрмек құнын әр үш жыл сайын шамамен 20%-ға төмендетуге міндеттеме алды, бұл экспорттан түсетін табыс арқылы өтеледі."Біздің акционерлер үшін Қазақстанда толық циклді биофармацевтикалық кешенге инвестиция салу және оның құрылысын тұрғызу туралы шешім қабылдауға түрткі болған маңызды қадамдардың бірі – инвестициялық ахуал деңгейі, сондай-ақ мемлекет тарапынан дәйекті қолдау мен берілген артықшылықтар", — деп атап өтті инвестор.Жоба серіктесі – Khan Tengri Biopharma компаниясы."Зауытты іске қосу өндірілетін өнім бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бірлескен серіктестік аясында кәсіпорындар ел үшін өмірлік маңызды және стратегиялық препараттарды шығарады – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі", — деп атап өтті компания басшысы Асқар Каримуллин.
https://sputnik.kz/20251101/qonaevta-quny-15-mlrd-tenge-bolatyn-agrokeshen-iske-qosyldy-58386487.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/01/58392689_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_8547fb1cd90ae862e6860ae22da3ddc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстанда биофармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
$200 млн инвестицияға ие халықаралық компания толық циклді инновациялық биофармацевтикалық хаб салмақ. Жобаны жаңа перспективалы Алатау қаласында жүзеге асыру жоспарланып отыр, оған жер телімі бөлінген. Бұл туралы KGIR-2025 конференциясы аясында R-Pharma директоры Николай Земсков мәлімдеді.
"Біз бірлескен кәсіпорын құрдық. Қазір Қазақстан үкіметімен инвестициялық келісім жасалуын күтудеміз. Жоба инвестициялық штабтың мақұлдауынан өтті. Бізге президенттің өз Жолдауында айтқан болашақтың ең перспективалы қаласы – Алатаудан жер телімі берілді", - деді ол.
Бірнеше жүздеген жұмыс орындарын құратын және жергілікті мәртебесі бар өнімдерді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар экспортқа да шығаратын инновациялық хабты үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ компания дәрі-дәрмек құнын әр үш жыл сайын шамамен 20%-ға төмендетуге міндеттеме алды, бұл экспорттан түсетін табыс арқылы өтеледі.
"Біздің акционерлер үшін Қазақстанда толық циклді биофармацевтикалық кешенге инвестиция салу және оның құрылысын тұрғызу туралы шешім қабылдауға түрткі болған маңызды қадамдардың бірі – инвестициялық ахуал деңгейі, сондай-ақ мемлекет тарапынан дәйекті қолдау мен берілген артықшылықтар", — деп атап өтті инвестор.
Жоба серіктесі – Khan Tengri Biopharma компаниясы.
"Зауытты іске қосу өндірілетін өнім бағасының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бірлескен серіктестік аясында кәсіпорындар ел үшін өмірлік маңызды және стратегиялық препараттарды шығарады – бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі", — деп атап өтті компания басшысы Асқар Каримуллин.