Қонаевта құны 15 млрд теңге болатын агрокешен іске қосылды

© Photo : ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіАлматы облысында құны 15 млрд теңгенің агрокешені іске қосылды
Алматы облысында құны 15 млрд теңгенің агрокешені іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Алматы облысында "Қапшағай Бидай Өнімдері" атты дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған жаңа агрокешен іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қараша күні Қонаев қаласында өтті, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
© Photo : ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіАлматы облысында құны 15 млрд теңгенің агрокешені іске қосылды
Алматы облысында құны 15 млрд теңгенің агрокешені іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2025
Алматы облысында құны 15 млрд теңгенің агрокешені іске қосылды
Кешен 1 қарашада салтанатты түрде ашылды. Жаңа зауыт өңірдің аграрлық секторындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі.
"Кәсіпорынның қуаттылығы жыл сайын 1 миллион тоннадан астам дайын өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асты. Бұл — Алматы облысындағы екінші осындай өндіріс орны. Дәл осындай агрокешен Қаскелең қаласында да бар", - дейді ведомство.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, "Қапшағай бидай өнімдері" инновациялық әрі экспортқа бағытталған өндірістің үлгісіне айналады. Бүгін қызыл түймені басу және локомотив гудогын іске қосу арқылы кәсіпорынның жұмысы ресми түрде басталды.

Жаңалықтар
0