"Өзімді 14 жыл алдаппын": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен ажырасқанын растады

© Photo : Event агентство 1show.kzТурсынбек Кабатов
Турсынбек Кабатов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова ресми түрде ажырасқан. Бұл туралы Мөлдір Мұқанова Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтып берді.
Бұған дейін қоғамда дақпырт тудырған Тұрсынбек Қабатовтың отбасындағы жағдайдың мәнін әзілкеш әртістің әйелі Мөлдір Мұқанова өзі айтты.
Отбасылық өмірдің 7 жылы кіршіксіз, адал, шынайы махаббатпен әдемі өмір сүрдік, дейді Мөлдір. Екеуі 6 жыл жатақханада тұрған. Жетінші жылы баспаналы болғанда шаңырақта кикілжің басталады.
"21 жылдық өмірді 1-2 сағатта айтып сыйғыза алмаймын. Ішіме қаншама жыл жиналып, қара тас боп қалдым. Мен Тұрсынбектің әлеуметтік желіде "Мөлдірге тиіспеңдерші" деген сөзін күттім", - дейді ол.
Әзілкештің әйелі "бәрі жақсы толыққанды отбасы боламыз" деген үмітпен 14 жыл жүрген. Тұрсынбек осыншама жыл өзі туралы ашып ешнәрсе айтпаған. Әу баста Тұрсынбектің ашынасы барын Мөлдір әлеуметтік желіден оқыған.
"Сіздің күйеуіңіздің ашынасы бар, пәтер, қымбат тон, гаухар әшекей әперген деді. Өзім бала емізіп жүріп ол жазбаға қарауға мұршам болмады", - дейді Мөлдір.
Бірақ Тұрсынбек әу баста мойындамаған. Кейіннен "қойдым, болдым" деген.
"Тұрсынбекті қатты жақсы көрдім. Ажырасуға дайын болмады, жаным қатты ауырды. Тіпті қоқыс та шығартпайтынмын, ол өсуі керек деп ойладым. Өзімді ең соңғы кезекке қойдым, Тұрсынбекке бар өмірімді арнадым", - деген Мөлдір Мұқанова көз жасына ерік берді.
5 баласы бар Тұрсынбек үйіне қонуын сиреткен. Ақыры Мөлдірден "қашан ажырасамыз" деп сұраған.
"Үйге кіріп келсе екен" деп әлі күнге сағынып тұрамын деген Мөлдір Мұқан қиналғанда биіктен құлап кеткісі келгенін де ашық айтты.
Турсунбек Кабатов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды
Жаңалықтар
0