Алматыда келесі жылы 80-нен астам көшеде сыртқы жарықтандыру желілері жаңғыртылады

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіТүнгі Алматы
Түнгі Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Жазылу
Сонымен қатар қосымша 11 300 шам орнату жоспарланған
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Алматыда сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жалғасып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.

"2025 жылы жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары 18 учаскеде жүргізілді, оның 12-сі аяқталды. Барлығы 10,5 мыңнан астам жаңа шам орнатылды, 4,2 мыңнан астам қолданыстағы шам ауыстырылды және 4,1 мың торшер шамдары орнатылды. Бұл магистральдардың, тұрғын аудандардағы көшелердің және жүргіншілер аймақтарының жарық деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Бұрын жарықтандырылмаған аумақтарға ерекше назар аударылады. Бағдарлама аясында қосымша 301 учаске жарықпен қамтамасыз етіліп, 2086 жарық нүктесі орнатылды. Бірқатар ауданда жұмыс толығымен аяқталды, қалғандары бітуге жақын.
Биыл қаланың 100 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мен ірі сәулет құрылысын жарықтандыру толығымен бітті.
2026 жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 339 км 80-нен астам көшеде сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту және қосымша 11 300 шам орнату жоспарланған. Сондай-ақ, жүргіншілер аймақтарын жарықтандыру жұмыстары жалғасады - 88,5 шақырым тротуарға 1500-ден астам торшер шамы мен 1000 кронштейн жоспарланған.
Әкім Дархан Сатыбалды жұмыстарды мерзімінде орындау, монтаждау сапасын арттыру және жүйелі бақылау қажеттігін атап өтті.
Түнгі Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шам жаңартылады
Жаңалықтар
0