Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам шам жаңартылады

© Photo : акимат АлматыТүнгі Алматы
Түнгі Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2025
Жазылу
Осының нәтижесінде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігі жақсарды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту жалғасып жатыр.
Қазірдің өзінде қаланың бірқатар маңызды нысанында жарық шамдары жаңартылды:
Республика сарайы;
Шухов және "Достық" скверлері;
Төлебаев көшесіндегі аллея;
Сейфуллин даңғылы;
Шолохов және Саин көшелері.
Бұл бағыттағы жұмыстар аясында заманауи, энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Сонымен қатар тіректер мен кабель желілері ауыстырылып, шамның жарықтығы мен біркелкілігі артты, дейді әкімдіктегілер
Осының нәтижесінде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігі жақсарды.
Ведомство хабарлауынша, жалпы жыл соңына дейін қала бойынша мыңнан астам шам жаңартылады.
Алматы көшелері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Алматыда 160-қа жуық көшеге атау беріледі
Жаңалықтар
0