Залал - 3,7 млрд теңге: "Азаматтарға арналған үкіметтің" экс-қызметкері экстрадицияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Күдікті 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жетісу облысында шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Күдікті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, алғашқы тіркеу алымдары бойынша төлемдер туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы олардың көлік құралдарын заңсыз тіркеген", - делінген хабарламада.
Қылмыстық әрекет салдарынан 481 көлік заңсыз есепке қойылып, бюджетке міндетті төлемдердің түспеуі түрінде мемлекетке 3,7 млрд теңгеге аса ірі мөлшердегі залал келтірілген.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Биылғы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
"Бірнеше рет пышақтаған": Арменияға қашып кеткен күдікті экстрадицияланды
Жаңалықтар
0