"Бірнеше рет пышақтаған": Арменияға қашып кеткен күдікті экстрадицияланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Жазылу
Қылмыс 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында жасалған
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстан азаматы кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армениядағы елшіліктің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған Қазақстан азаматын кісі өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ереваннан экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада.
Ол 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында мас күйде жәбірленушінің өмірлік маңызды органдарына пышақпен бірнеше рет жарақат салған, оның өмірін дәрігерлер сақтап қалды.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қазан айында ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланған.
Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Әліппе - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2025
Дәптерін таза ұстамаған: қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0