https://sputnik.kz/20250218/dapterin-taza-ustamagan-qyzyn-pyshaqtagan-ayelge-qatysty-sot-ukimi-shyqty-50962961.html
Дәптерін таза ұстамаған: қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Дәптерін таза ұстамаған: қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушы кінәсін толық мойындап, тіпті тағылған айыпқа қарсы дауласпаған 18.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-18T14:32+0500
2025-02-18T14:32+0500
2025-02-18T14:34+0500
қылмыс
сот
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18012032_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_7577345b7553191d86ede896e7ccfb0d.png
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында дәптерін таза ұстамаған қызына пышақ сұғып алған анаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық сот.11 жастағы қызының үй тапсырмасын тексерген анасы оқушының өз дәптерін ұқыпты, таза ұстамағанын көрген. Ашуға булыққан ол ас үй пышағын жеткіншектің екі жамбасына сұғып алған. Қылмыстық істі облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қарады.Сотталушы кінәсін толық мойындап, тіпті тағылған айыпқа қарсы дауласпаған. Алайда қыз бен оның өкілі соттан әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған.Мұндай қылмыс бойынша айыпталған адамның заң бойынша мүлкі тәркіленеді немесе 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сотталушы қызына істеген қылығына өкінетіндігін айтқан. Алайда өз баласына қастандық жасағандықтан, оның кәмелетке толмаған баласының бары сотта жағдайды жеңілдететін жайт болып есептелмеді.Сот үкімімен сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250109/alayaqtarga-komektesken-eki-studentten-18-mln-tenge-ondiriledi--sot-ukimi-shyqty-49839861.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/01/18012032_105:0:1242:853_1920x0_80_0_0_7889e2e30a8672d550f93652abfa8f47.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, сот
Дәптерін таза ұстамаған: қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
14:32 18.02.2025 (жаңартылды: 14:34 18.02.2025) Сотталушы кінәсін толық мойындап, тіпті тағылған айыпқа қарсы дауласпаған
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында дәптерін таза ұстамаған қызына пышақ сұғып алған анаға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық сот.
11 жастағы қызының үй тапсырмасын тексерген анасы оқушының өз дәптерін ұқыпты, таза ұстамағанын көрген. Ашуға булыққан ол ас үй пышағын жеткіншектің екі жамбасына сұғып алған. Қылмыстық істі облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қарады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, тіпті тағылған айыпқа қарсы дауласпаған. Алайда қыз бен оның өкілі соттан әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Мұндай қылмыс бойынша айыпталған адамның заң бойынша мүлкі тәркіленеді немесе 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сотталушы қызына істеген қылығына өкінетіндігін айтқан. Алайда өз баласына қастандық жасағандықтан, оның кәмелетке толмаған баласының бары сотта жағдайды жеңілдететін жайт болып есептелмеді.
Сот үкімімен сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.