Түркістан облысында мектепте жарақат алған оқушы қайтыс болды

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқушы дене шынықтыру сабағында жаттығу кезінде құлап, жарақат алған.
"Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды", - деді облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қайғылы жағдай күзгі каникул басталмай тұрып болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
"Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деді басқармадағылар.
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Шалқарда оқушы қатарласын пышақтап тастады
Жаңалықтар
0