https://sputnik.kz/20251029/shalqarda-oqushy-qatarlasyn-pyshaqtap-tastady-58290342.html
Шалқарда оқушы қатарласын пышақтап тастады
Шалқарда оқушы қатарласын пышақтап тастады
Sputnik Қазақстан
Күдікті жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді 29.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-29T17:21+0500
2025-10-29T17:21+0500
2025-10-29T17:21+0500
шалқар
пышақ жарақаты
пышақтап тастады
оқушы
төбелес
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601965_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_31a04a9ab617e6635a06fcf1ffafdccb.jpg
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар қаласында оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 26 қазанда болған. 14 және 15 жастағы екі жасөспірімнің арасында жанжал туып, бірі екіншісіне пышақ салған.Күдікті жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралатын болды.Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.Ал жарақат алған оқушының жағдайы қалыпты, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Білім бөлімі мен құқық қорғау органдары бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмысты күшейтті.
https://sputnik.kz/20250902/tarazda-oqushy-pyshaq-zharaqatynan-koz-zhumdy-56751164.html
шалқар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601965_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_e2138416bf4ea27f1a39dc6c7a00c449.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шалқар, пышақ жарақаты, пышақтап тастады, оқушы, төбелес
шалқар, пышақ жарақаты, пышақтап тастады, оқушы, төбелес
Шалқарда оқушы қатарласын пышақтап тастады
Күдікті жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді
АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысы Шалқар қаласында оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 26 қазанда болған. 14 және 15 жастағы екі жасөспірімнің арасында жанжал туып, бірі екіншісіне пышақ салған.
"Кәмелетке толмаған тұрғынға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті.
Күдікті жасөспірім анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралатын болды.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Ал жарақат алған оқушының жағдайы қалыпты, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
"Шалқар қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Бүгінде ол Ақтөбедегі балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр", - дейді ведомство.
Білім бөлімі мен құқық қорғау органдары бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмысты күшейтті.