Таразда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Жамбыл облысының полиция департаменті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Таразда оқушы пышақ жарақатынан көз жұмды.
Желіде тараған ақпарат бойынша 1 қыркүйекте Таразда екі жасөспірім арасында жанжал болған.
Онда көз жұмған оқушы жүрек тұсынан жарақат алғаны айтылған.
Жамбыл облысының полиция департаменті "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Қостанай облысында әйел жасөспірім қызға пышақ сұғып алды
Жаңалықтар
0