Жыл басынан бері Батыс Қазақстанда 100 шақырымнан астам ирригациялық канал тазартылды

© Photo : Акимат Кызылординской области Сырдария өзені
Сырдария өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірдегі ұзындығы 100 шақырымнан астам каналды тазалады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан болатын.
Жұмыстарға арнайы техника тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі берген жерснарядтың көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылды.
Қазір ирригациялық каналдарға жоспарланған жылдық тазарту жұмыстарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар өңірде 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымының төменгі бөлігін нығайту жұмыстарын қоса алғанда, су тасқынының алдын алу іс-шаралары толық көлемде орындалды", – деді "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.
Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2025
Абай облысында өзен жағасындағы ауылда 30 шақты аулаға су кірді
Жаңалықтар
0