Абай облысында өзен жағасындағы ауылда 30 шақты аулаға су кірді
© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіҮбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты

© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жазылу
Үбі өзеніндегі мұз кептелісін жойып, су арнасын толық ашу үшін мұз жару жұмысы жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Абай облысы Красный Яр ауылында өзенге жақын 30 шақты үйдің ауласына су кірген. Жағдайды көру үшін облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына арнайы барды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіҮбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты

Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты
© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
5 сәуір кешкі сағат сегіз шамасында Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бородулиха ауданындағы Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басу қаупі туындаған. Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар, жедел құтқару жасағы мен полиция бөлімшелерінен барлығы 123 адам және 39 техника, оның ішінде 3 жүзу құралы ауылға жеткізілді.
"Қауіпсіздік мақсатында ауылдағы өзен жағасына жақын көшенің 26 тұрғыны өз еркімен мектепке уақытша орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аулаларын су басуы мүмкін тұрғындардың малдарын басқа шаруа қожалықтарына жеткізді", - делінген хабарламада.
Облыс әкімі Берік Уәли бүгін таңертең ерте Бородулиха ауданына арнайы барған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар департаменті бастығы Манарбек Шапағатовпен бірге әуелі Үбі өзеніндегі су деңгейін тікұшақ арқылы әуеден бақылады. Содан кейін ауылға келіп, жедел штабтың жиынын өткізді.
© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіҮбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты

Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшені су басты
© Photo : Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі өзен жағасына жақын 30 шақты үйдің ауласына су кірген. Елді мекенде жедел штаб құрылған. Оған облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жетекшілік етеді. Үбі өзеніндегі мұз кептелісін жойып, су арнасын толық ашу үшін мұз жару жұмысы жүргізіліп жатыр. Ауылдағы басқа аулаларға судың кіруіне жол бермес үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.