Жүргізуші куәлігі жоқ ақтөбелік жолаушы тасымалдаумен айналысқан

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Тоқтатылған шағын автобустың салонында 16 жолаушы болған
АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған адам жолаушы тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ол "Қауіпсіз жол" жедел-іс-шарасы кезінде Ақтөбе – Астрахань жолында ұсталды.
"Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол Шұбарқұдық – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалдауды жалғастырған", - дейді ведомство.
Шағын автобустың салонында 16 жолаушы болған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Таразда мас жүргізуші жолаушыларды тасымалдаған
Жаңалықтар
0