Таразда мас жүргізуші жолаушыларды тасымалдаған

© Sputnik / Абзал КалиевВодитель автобуса
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2025
Жазылу
Ол жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Таразда мас күйде жолаушылар тасымалдаған автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Тараз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күдік тудырған "ZHONG TONG" маркалы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлікті тоқтатты.
"Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің 17-бағыттағы автобусты мас күйде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша оның алкогольдік масаң күйде екені расталған", - деп жазылған хабарламада.
Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.
Соттың шешімімен жүргізуші он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2025
Оралда полицей мас күйінде ұсталды – сот үкімі жарияланды
Жаңалықтар
0