https://sputnik.kz/20251030/qysta-muzdy-qyrtys-tuzilip-su-tasqyny-zhagdayyn-qiyndatuy-mumkin-58325056.html
Қыста мұзды қыртыс түзіліп, су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін
Қыста мұзды қыртыс түзіліп, су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T20:56+0500
2025-10-30T20:56+0500
2025-10-30T20:56+0500
қыс
су тасқыны
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55145632_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_7dc86f87b4f881a03de7001cee158920.jpg
АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Алдағы қыс жылы болады деп болжанып отыр, алайда "температуралық ауытқулар" салдарынан қар қабатында мұзды қыртыс түзіліп, су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен отырыста айтылды.Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды.356 шақырым дренаж жүйесі жөнделіп, жаңадан салынды, 220 шақырым арна мен арық ретке келтірілді. Қауіпті аймақтарда 400 шақырымнан астам өзен жағалауларын бекіту, арналарды тереңдету және түзеу жұмыстары атқарылды.Қолданыстағы 31 маусымдық гидробекетке қосымша, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерде тағы 32 деңгей өлшейтін бекет орнатылады.Қаңтар-наурыз айларында қар жамылғысындағы ылғал қорын анықтау үшін қар өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Өзен алаптары бойынша, соның ішінде трансшекаралық өзендерде гидрологиялық болжамдар жасалды.Қанат Бозымбаев барлық дайындық жұмыстарын қыс түскенге дейін толық аяқтауды тапсырды. Әкімдерге жағдайды жеке бақылауда ұстауды, Төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеруді жүктеді.
https://sputnik.kz/20250807/2026-zhyly-turgyn-uydi-tabigi-apattan-mindetti-saqtandyru-engiziledi-56231339.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1b/55145632_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_4b885a4e2a63402549e0d9baf5e6eef3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыс, су тасқыны, үкімет
Қыста мұзды қыртыс түзіліп, су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін
Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды
АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Алдағы қыс жылы болады деп болжанып отыр, алайда "температуралық ауытқулар" салдарынан қар қабатында мұзды қыртыс түзіліп, су тасқыны жағдайын қиындатуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен отырыста айтылды.
Ел бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталды.
"Инженерлік жұмыстар жоспары 800-ден астам іс-шараны қамтиды, соның ішінде 557-сі орындалды, қалғаны жүргізілу сатысында. Өңірлерде 666 шақырымға жуық қорғаныс бөгеттері мен біліктері салынып, жөнделіп, нығайтылды", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
356 шақырым дренаж жүйесі жөнделіп, жаңадан салынды, 220 шақырым арна мен арық ретке келтірілді. Қауіпті аймақтарда 400 шақырымнан астам өзен жағалауларын бекіту, арналарды тереңдету және түзеу жұмыстары атқарылды.
Қолданыстағы 31 маусымдық гидробекетке қосымша, су тасқыны қаупі жоғары учаскелерде тағы 32 деңгей өлшейтін бекет орнатылады.
Қаңтар-наурыз айларында қар жамылғысындағы ылғал қорын анықтау үшін қар өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Өзен алаптары бойынша, соның ішінде трансшекаралық өзендерде гидрологиялық болжамдар жасалды.
Қанат Бозымбаев барлық дайындық жұмыстарын қыс түскенге дейін толық аяқтауды тапсырды. Әкімдерге жағдайды жеке бақылауда ұстауды, Төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеруді жүктеді.