2026 жылы тұрғын үйді табиғи апаттан міндетті сақтандыру енгізіледі

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок в Северном Казахстане
Паводок в Северном Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2025
Жазылу
Төлем жылына бір рет алынады деп жоспарлануда, оның мөлшері туралы айтуға әлі ерте
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдан бастап табиғи апаттан тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Сақтандыру жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала өрті қаупі бар аймақтардың барлығына дерлік әсер етеді. Яғни, 1-2 өңір ғана төлемнен босатылады.
"Төлем жылына бір рет алынады деп жоспарлануда. Оның мөлшері туралы айтуға әлі ерте, алдымен жылжымайтын мүліктің құнын бағалау керек", - деп атап өтті Бозымбаев.
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қатысуымен сақтандыру компаниясы құрылады.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзгереді
Жаңалықтар
0