https://sputnik.kz/20250430/mindetti-aleumettik-meditsinalyq-saqtandyru-zhuyesi-ozgeredi-52997657.html
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзгереді
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Министрлік медициналық жарна алынатын жалақының шегін көтеруді ұсынып отыр 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T11:30+0500
2025-04-30T11:30+0500
2025-04-30T11:30+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_24:0:3665:2048_1920x0_80_0_0_5bde89c11bc4eac9eac2fba2ae18ebb2.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарнаны есептеу тәртібі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрлік медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі жылдан бастап жарнаны есептеу базасының жоғарғы шегін 10 ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін көтеруді ұсынып отыр. Мәселен, бүгінде 10 ең төменгі жалақы 850 мың теңгені құрайды. Бұл – медициналық жарналар алынатын ең жоғары шек. Ең жоғары шекпен есептелген жарнаның көлемі (3 процент) 25 500 теңгеден, ал жалдамалы жұмысшылар үшін (2 процент) 17 000 теңгеден аспайды. Жалақының көлемі 850 мың теңгеден артық болса да, жарнаның көлемі өзгермейді. Себебі ең жоғары шек заңмен бектілген. Ал оны бес есеге, яғни 50 ең төменгі жалақыға (4,2 млн теңгеге) дейін көтерсе, жоғары жалақы алатындардың медициналық жарнасы артады.Осылайша қазір 1 млн теңге жалақы алатын қазақстандықтардың жалақысынан медициналық жарнаға 17 000 теңге, ал жұмыс беруші тағы 25 500 теңге аударса, жоғары шекті көтергеннен кейін медициналық сақтандыру қорына жалақыдан 20 000 теңге, ал жұмыс берушінің есебінен 30 000 теңге ұсталады. 4,2 млн теңгенің шегіне дейін медициналық жарнаның жалпы көлемі 210 000 теңгеге дейін артады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811148_479:0:3210:2048_1920x0_80_0_0_44e795c57adff6054c90ac5111186909.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзгереді
Министрлік медициналық жарна алынатын жалақының шегін көтеруді ұсынып отыр
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жарнаны есептеу тәртібі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі жылдан бастап жарнаны есептеу базасының жоғарғы шегін 10 ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін көтеруді ұсынып отыр. Мәселен, бүгінде 10 ең төменгі жалақы 850 мың теңгені құрайды. Бұл – медициналық жарналар алынатын ең жоғары шек.
Ең жоғары шекпен есептелген жарнаның көлемі (3 процент) 25 500 теңгеден, ал жалдамалы жұмысшылар үшін (2 процент) 17 000 теңгеден аспайды. Жалақының көлемі 850 мың теңгеден артық болса да, жарнаның көлемі өзгермейді. Себебі ең жоғары шек заңмен бектілген. Ал оны бес есеге, яғни 50 ең төменгі жалақыға (4,2 млн теңгеге) дейін көтерсе, жоғары жалақы алатындардың медициналық жарнасы артады.
"Бұл өзгеріс барлық жалдамалы қызметкердің шамамен 9%-ына немесе 508 мыңға жуық адамға және олардың жұмыс берушілеріне қатысты болады. Әлемдік тәжірибеде табыс деңгейі бойынша шектеу еш жерде қолданылмайды. Соның нәтижесінде біз МӘМС жарнасының регрессивті салық салуынан бірыңғай шкалаға көшеміз", - деді Әлназарова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осылайша қазір 1 млн теңге жалақы алатын қазақстандықтардың жалақысынан медициналық жарнаға 17 000 теңге, ал жұмыс беруші тағы 25 500 теңге аударса, жоғары шекті көтергеннен кейін медициналық сақтандыру қорына жалақыдан 20 000 теңге, ал жұмыс берушінің есебінен 30 000 теңге ұсталады. 4,2 млн теңгенің шегіне дейін медициналық жарнаның жалпы көлемі 210 000 теңгеге дейін артады.