Қаржы пирамидасын құрған: 52 көлік пен 17 кг зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді

© AFP 2024 / Natalia KolesnikovaАлтын алқа
Алтын алқа - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
АСТАНА, 30 қазан. – Sputnik. Шымкент қаласында "Nazira Gold" қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен.
Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.
"Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған. Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрғандар 390 млн теңге шығын келтірді
Жаңалықтар
0