Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрғандар 390 млн теңге шығын келтірді

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған және оған қатысқан 20 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
2022-2023 жылдар аралығында сотталушылар "дәрілік препаратты әзірлеуге инвестиция тартамыз" деген желеумен 279 адамнан 391 690 170 теңге жинаған.
"Сотталушылардың үшеуі "Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесіне басшылық жасаған, ал 17 сотталушы пирамидаға адам шақырған", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушылардың денсаулық жағдайы, мінездемесі, отбасылық жағдайы, асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретіне қарастырылды. Жазаны ауырлататын мән-жай анықталмады.
Сот ұйымдастырушылардың бірін 7 жылға, екеуін 5 жыл 6 ай мерзімге соттады. 17 сотталушы 2-3 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды
Жаңалықтар
0