https://sputnik.kz/20250717/shymkentte-khalyqty-1-mlrd-tengege-aldagan-qarzhy-piramidasy-anyqtaldy-55698833.html
Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды
Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды
Sputnik Қазақстан
Салымшыларға 15 күн сайын 50% кіріс уәде еткен 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T10:52+0500
2025-07-17T10:52+0500
2025-07-17T10:54+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_22f4af911434962789012ae2241dd2fc.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, пирамиданы ұйымдастырғандар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы жылдам және көп табыс табуға уәде берген. Салымшыларға 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтқан.Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден болған. Күдіктілер шамамен 200 адамды алдап, жалпы 1 млрд теңгеден астам ақшаны жинап алыпты. Соның бір бөлігі – 438 млн теңгені екі қымбат көлік ("Tank 500", "BMW X5"), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Ал тәркілеуден жасыру мақсатында мүлікті туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250603/8-myn-salymshydan-21-mlrd-tenge-tartqan-almaty-oblysynda-qarzhy-piramidasy-ashkerelendi-54215556.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_f59ef6f75ab47afe3602841a10007803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды
10:52 17.07.2025 (жаңартылды: 10:54 17.07.2025) Салымшыларға 15 күн сайын 50% кіріс уәде еткен
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, пирамиданы ұйымдастырғандар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы жылдам және көп табыс табуға уәде берген. Салымшыларға 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтқан.
"Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған", - дейді агенттік мамандары.
Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден болған. Күдіктілер шамамен 200 адамды алдап, жалпы 1 млрд теңгеден астам ақшаны жинап алыпты. Соның бір бөлігі – 438 млн теңгені екі қымбат көлік ("Tank 500", "BMW X5"), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Ал тәркілеуден жасыру мақсатында мүлікті туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.