"ЖИ саласындағы ынтымақтастық тереңдетіледі": Бектенов Трамптың өкілімен кездесті

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Искусственный интеллект, иллюстративное фото
Искусственный интеллект, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
Кездесуге АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау да қатысты
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Қазақстан үкіметі шетелдік, соның ішінде америкалық бизнес үшін де қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше 1993 жылдан бері АҚШ-тан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен $61,2 млрд-ты құрады, бұл Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы көлемінің 13%-ынан асады. Соңғы бес жылда өзара сауда көлемі екі есеге артып, $4,2 млрд-қа жетті.
"Кездесу барысында қатысушылар сауда байланыстары мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Өнеркәсіпте, цифрлық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, су және тағы да басқа салаларда өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі шаралар қаралды", - деп жазылған хабарламада.
Көлік-транзит саласындағы жаңа түйісу нүктелеріне назар аударылды. Энергетика секторында бірлескен жобалар шеңберінде озық технологияларды жаңғырту мен енгізудің маңыздылығы аталып өтті.
АӨК саласындағы әріптестік маңызды бағыт болып саналады. Қазақстан әлемдегі астық пен ұнды ең ірі экспорттаушылардың ондығына кіреді. Осы ретте астықты терең өңдей отырып, одан әрі АҚШ, ЕО, Қытай және Үндістан нарықтарына экспорттау бойынша бірлескен жобалар талқыланды.
"Цифрлық индустрия және ЖИ технологиялары саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету басым бағыт болып айқындалды. Оған аймақтағы басты алаң ретінде Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы алынып отыр. Ол Apple, Google және тағы да басқа алпауыттарды қоса алғанда әлемдегі жетекші технологиялық компаниялардың басын біріктіреді", - деп хабарлады үкімет.
Айта кетері, еліміздің цифрлық экожүйесінің маңызды элементі – Astana Hub, онда бүгінде 1700-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Калифорния штатында (АҚШ) Қазақстан Silk Road инновациялық орталығын ашты. АҚШ-тың жетекші компанияларымен және жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып ҚР мен АҚШ арасындағы технологиялық әріптестікті нығайтатын акселерациялық бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Кездесу қорытындысында қатысушылар барлық перспективалы бағыт бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2025
Жасанды интеллект шенеуніктердің қылмысын анықтады
Жаңалықтар
0