https://sputnik.kz/20251014/zhasandy-intellekt-sheneunikterdin-qylmysyn-anyqtady-57885990.html
Жасанды интеллект шенеуніктердің қылмысын анықтады
Жасанды интеллект шенеуніктердің қылмысын анықтады
Sputnik Қазақстан
Жасанды интеллект элементтерін қолданудың арқасында былтыр 307 млрд теңгенің күдікті төлемдері анықталды 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T14:58+0500
2025-10-14T14:58+0500
2025-10-14T14:58+0500
үкімет
шенеунік
қаражат
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55324494_2:0:1280:719_1920x0_80_0_0_72270271db0ae1257f3b6c58ae4eabb1.png
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев жасанды интеллект бюджет қаржысын тиімді пайдалануға қалай көмектесіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде бюджет қаражатын бақылауды күшейтейтін онлайн мониторинг енгізілді. Жасанды интеллект элементтерін қолданудың арқасында былтыр 307 млрд теңгенің күдікті төлемдері анықталса, биыл тоғыз айдың ішінде ондай төлемдердің жалпы көлемі 132 млрд теңгені құрады.Бұдан бөлек, онлайн мониторинг мемлекеттік қолдау жүйесінің жекелеген қатысушылары бюджет қаражатын мақсатына сай пайдаланбай отырғанын көрсетті. Атап айтқанда, кейбір ұйымдар қаржы институттары болмаса да, депозитке салып, пайда көрген. Осылайша, бір ұйым бөлінген 1 млрд теңге бюджеттік кредитті депозитке салу арқылы 80 млн теңге пайда түсірген. Бір мал басына 808 млн теңгеге бірнеше рет субсидия алу жағдайлары да бар.Айта кетері, онлайн мониторинг жүйесі денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтиды.
https://sputnik.kz/20251014/zhasandy-intellekt-800-mlrd-tengege-zhuyq-qarzhyny-unemdep-berdi---ministrlik-57880067.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55324494_320:0:1279:719_1920x0_80_0_0_59edffc934fccc207ae86a33fd587964.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, шенеунік, қаражат
үкімет, шенеунік, қаражат
Жасанды интеллект шенеуніктердің қылмысын анықтады
Жасанды интеллект элементтерін қолданудың арқасында былтыр 307 млрд теңгенің күдікті төлемдері анықталды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев жасанды интеллект бюджет қаржысын тиімді пайдалануға қалай көмектесіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде бюджет қаражатын бақылауды күшейтейтін онлайн мониторинг енгізілді. Жасанды интеллект элементтерін қолданудың арқасында былтыр 307 млрд теңгенің күдікті төлемдері анықталса, биыл тоғыз айдың ішінде ондай төлемдердің жалпы көлемі 132 млрд теңгені құрады.
"Мәселен, аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлеріне бір айда 65 млн теңгеге дейін төлем жасалған немесе 10 млн теңгеден астам сыйақы аударылған. Тағы бір мысал, бір шот немесе бір жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, әр түрлі адамдардың аты-жөнімен айына 66 төлем жасалған", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, онлайн мониторинг мемлекеттік қолдау жүйесінің жекелеген қатысушылары бюджет қаражатын мақсатына сай пайдаланбай отырғанын көрсетті. Атап айтқанда, кейбір ұйымдар қаржы институттары болмаса да, депозитке салып, пайда көрген. Осылайша, бір ұйым бөлінген 1 млрд теңге бюджеттік кредитті депозитке салу арқылы 80 млн теңге пайда түсірген. Бір мал басына 808 млн теңгеге бірнеше рет субсидия алу жағдайлары да бар.
Айта кетері, онлайн мониторинг жүйесі денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамтиды.