Астанада полиция бекетінің терезесін сындырған бұзақы жауапқа тартылды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2025
Жазылу
Жыл басынан бері елордада вандализм бойынша шамамен 230 құқық бұзушылық тіркелген
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Астанада полиция бекетін бүлдірген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап
Қаланың 51 жастағы тұрғыны Абылай хан көшесінде орналасқан полиция бекетінің терезесін сындырған.
"Тексеріс кезінде осы әрекетті әдейі істегені анықталды. Сол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы, 1-бөлігі (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жауапқа тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бапта 50 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылда - 196 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не бестен жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Айта кетері, жыл басынан бері елордада вандализм бойынша шамамен 230 құқық бұзушылық тіркелген.
Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жойған немесе бүлдіргендерге 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын ескертті.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2023
Астана тұрғыны Аманқарағай вокзалында шу шығарды – бұзақы екі аптаға қамалды
Жаңалықтар
0