Түркістан мен Қызылордада су заңнамасын бұзғандарға 50 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

© Photo : Акимат Кызылординской области Сырдариядағы су торабы
Сырдариядағы су торабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жүргізген тексерістердің нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғалды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері Қызылорда және Түркістан облыстарында су заңнамасын бұзғандарға 46,7 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Арал-Сырдария бассейні су инспекциясы 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында жүргізген тексерістердің нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғалды.
Осы кезең аралығында су заңнамасын бұзғандарға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 46,7 млн теңге, дейді ведомстводағылар.
Сонымен қатар жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясы Қызылорда және Түркістан облыстарында арнайы су пайдалануға 286 рұқсат берді.
"Өткен вегетация кезеңінде Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейнінде заңсыз су алу және тіркелмеген сорғы қондырғыларын орнату фактілері анықталды. Суармалы суды әділ бөлу мақсатында инспекторлар министрліктің орталық аппараты және "Қазсушар" РМК мамандарымен бірлесіп су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді", – деді Арал-Сырдария бассейні су инспекциясының басшысы Зейнолла Қазтоғанов.
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2025
Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компания 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0