https://sputnik.kz/20251028/pavlodar-oblysynda-9-auyldyn-zhayylymdyq-zheri-turgyndarga-qaytaryldy-58259293.html
Павлодар облысында 9 ауылдың жайылымдық жері тұрғындарға қайтарылды
Павлодар облысында 9 ауылдың жайылымдық жері тұрғындарға қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Өңірде 70 мың гектар жер заңсыз пайдаланылған 28.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-28T22:49+0500
2025-10-28T22:49+0500
2025-10-28T22:49+0500
павлодар облысы
жайылымдар
ауыл тұрғындары
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_0:49:3072:1777_1920x0_80_0_0_e2ec2c9dab09fde4bc450cd27f531c58.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысы Аққулы ауданында 70 мың гектар жер заңсыз берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Аудан прокуратурасы 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңге болатын жайылымдық жерді қайтарды. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар жайылым жоғын айтып, жиі шағымданған.Мысалы, бір ғана ЖШС төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымды пайдаланбаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр."Сонымен қатар прокуратура актісі бойынша бұрын жеке пайдалануға берілген құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін жердің үштен бірі тікелей мақсаты бойынша пайдаланыла бастады", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20250821/bqo-da-35-myn-ga-zhuyq-zher-memleket-menshigine-qaytaryldy-56491733.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_fa3d2549bf204d6532ec088208d0478a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, жайылымдар, ауыл тұрғындары, ауыл
павлодар облысы, жайылымдар, ауыл тұрғындары, ауыл
Павлодар облысында 9 ауылдың жайылымдық жері тұрғындарға қайтарылды
Өңірде 70 мың гектар жер заңсыз пайдаланылған
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысы Аққулы ауданында 70 мың гектар жер заңсыз берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Аудан прокуратурасы 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңге болатын жайылымдық жерді қайтарды. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар жайылым жоғын айтып, жиі шағымданған.
"Жайылым мен шабындық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты көптеген өтініш келіп түсті. Осыған байланысты кешенді талдау жүргізілді. Нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып берілген, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 70 мың гектардан астам жер телімдері анықталды", - дейді прокуратура.
Мысалы, бір ғана ЖШС төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымды пайдаланбаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Сонымен қатар прокуратура актісі бойынша бұрын жеке пайдалануға берілген құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін жердің үштен бірі тікелей мақсаты бойынша пайдаланыла бастады", - дейді ведомство.