https://sputnik.kz/20250821/bqo-da-35-myn-ga-zhuyq-zher-memleket-menshigine-qaytaryldy-56491733.html
БҚО-да 3,5 мың га жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
БҚО-да 3,5 мың га жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T11:35+0500
2025-08-21T11:35+0500
2025-08-21T11:39+0500
батыс қазақстан облысы
жер телімі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_96e754534eb905ca796bd5fe0e6a5ae1.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына арналған жалға заңсыз берілген 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.БҚО Байтерек ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.Тексеру нәтижесінде жер учаскесі Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ЖШС-ға берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, Кодекске сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы тек конкурс негізінде беріліуі тиіс болса да, конкурс рәсімі сақталмаған.Соған қарамастан, жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан. Бұл уәкілетті органның араласуына негіз болды.Сондықтан БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жасалған жалға алу шартын жарамсыз деп танып, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
https://sputnik.kz/20250820/zhalga-alu-merzimi-ayaqtalgan-abay-oblysynda-10-myn-ga-astam-zher-memleketke-qaytaryldy-56465761.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_103:0:1178:806_1920x0_80_0_0_6a2602943d93063bdccca18651d7ba59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, жер телімі
батыс қазақстан облысы, жер телімі
БҚО-да 3,5 мың га жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
11:35 21.08.2025 (жаңартылды: 11:39 21.08.2025) Жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына арналған жалға заңсыз берілген 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады
ауыл шаруашылығы министрлігі.
БҚО Байтерек ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Тексеру нәтижесінде жер учаскесі Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ЖШС-ға берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, Кодекске сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы тек конкурс негізінде беріліуі тиіс болса да, конкурс рәсімі сақталмаған.
Соған қарамастан, жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан. Бұл уәкілетті органның араласуына негіз болды.
Сондықтан БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жасалған жалға алу шартын жарамсыз деп танып, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.