Министр жасанды интеллект 45 млрд теңгені қалай үнемдеп беретінін айтты

Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Қазіргі кезде отын-энергетика саласында жасанды интеллект енгізу бойынша акселерациялық топ құрылды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект 45 млрд теңгені қалай үнемдеп беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде отын-энергетика саласында жасанды интеллект енгізу бойынша акселерациялық топ құрылды. Ал Astana Hub резиденттерімен жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу меморандумдарына қол қойылды.

"Осы жылы екі жасанды интеллект шешімі пилоттық апробациядан сәтті өтті. Бірінші кейс – дрондар мен жасанды интеллектні қолдана отырып, әуе электр беру желілерінің ақаулықтарын тексеру жүйесі. Күтілетін экономикалық тиімділік — шығындарды азайту есебінен 2,5 млрд теңге", - деді Ақкенженов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал екінші жоба – роботтандырылған кешен мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, жылу желілерінің құбырішілік дефектоскопиясы.
"Күтілетін экономикалық тиімділік жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау есебінен 42 млрд теңгені құрайды. Аталған екі кейс те қазіргі уақытта нормативтік бекіту және өнеркәсіптік масштабтау кезеңінде тұр", - деді министр.
Емханадағы тіркеу орыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Азаматтарды цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Жаңалықтар
0