https://sputnik.kz/20250820/azamattardy-tsifrlyq-saykestendiru-natizhesinde-47-mlrd-tenge-byudzhet-qarazhaty-unemdeldi-56462307.html
Азаматтарды цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Азаматтарды цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Sputnik Қазақстан
Жалпы жыл басынан бері 4,7 миллионнан астам медициналық анықтама электрондық форматта ресімделді 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T09:43+0500
2025-08-20T09:43+0500
2025-08-20T09:48+0500
медицина
үкімет
https://sputnik.kz/img/1274/86/12748642_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_d646a9a8cb4181bd922832a9277c5e95.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатыр.Бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады үкімет."Елімізде жалған тіркеулермен күресу мақсатында іске қосылған пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жобасы нәтижесінде бюджетке 4,7 млрд теңге үнемделді. Face ID технологиясын қолдану негізсіз кнегізсіз көрсетілген медициналық қызметтер санын 6%-ға қысқартуға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.Үкімет ең жоғары сұранысқа ие мына медициналық анықтама түрі цифрландырылғанын хабарлады:Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде 4,7 млн-нан астам осындай құжат тіркелді. Медициналық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды, дейді ведомстводағылар.Айта кетері, қазіргі уақытта "еңбекке жарамсыздық парақтарын" қағаз түрінде қолдануды толықтай алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/86/12748642_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_758cc7b18316d3991bb8b49f58265fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, үкімет
Азаматтарды цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
09:43 20.08.2025 (жаңартылды: 09:48 20.08.2025) Жалпы жыл басынан бері 4,7 миллионнан астам медициналық анықтама электрондық форматта ресімделді
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатыр.
Бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады
үкімет.
"Елімізде жалған тіркеулермен күресу мақсатында іске қосылған пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жобасы нәтижесінде бюджетке 4,7 млрд теңге үнемделді. Face ID технологиясын қолдану негізсіз кнегізсіз көрсетілген медициналық қызметтер санын 6%-ға қысқартуға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Үкімет ең жоғары сұранысқа ие мына медициналық анықтама түрі цифрландырылғанын хабарлады:
073/у "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру",
075/у "Медициналық анықтама",
052-2/у "Баланың денсаулық паспорты",
069/у "Санаторий-курорттық карта",
076/у "Қару ұстауға рұқсат алу",
038/у "Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама".
Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде 4,7 млн-нан астам осындай құжат тіркелді. Медициналық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды, дейді ведомстводағылар.
Айта кетері, қазіргі уақытта "еңбекке жарамсыздық парақтарын" қағаз түрінде қолдануды толықтай алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр.