Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға түскен алты адамның екеуі комада жатыр

© Photo : polisia.kzДТП на трассе Самара-Шымкент
ДТП на трассе Самара-Шымкент  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Жазылу
Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде 6 науқас Ақтөбенің медициналық мекемелерінде емделіп жатыр. Екеуі комада. Олардың біреуі – 16 жастағы жасөспірім.
"Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр. Ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігерлер.
Ал төрт науқас қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы жақсарып келеді. Біреуі әлі комада. Алтыншы науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр.
Айта кетері, 23 қазанда таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысында Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.
Самара-Шымкент тас жолындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға жеткізілгендердің арасында жасөспірім бар
Жаңалықтар
0