Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға жеткізілгендердің арасында жасөспірім бар

© Photo : polisia.kzСамара-Шымкент тас жолындағы жол апаты
Самара-Шымкент тас жолындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Жазылу
Бұған дейін медициналық көмектен бас тартқан науқас дәрігерлер кеңесінен соң ауруханаға жатты
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ақтөбедегі қайғылы жол апатынан ауруханаға түскендердің арасында 16 жастағы жасөспірім бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аман қалған 6 жолаушы Хромтау аудандық ауруханасында ем алып жатыр.
"Олардың арасында бір жасөспірім бар. 4 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, ал екеуі жалпы бөлімде ем қабылдап жатыр. Бұған дейін медициналық көмектен бас тартқан науқас дәрігерлер кеңесінен соң ауруханаға жатты", - дейді ведомстводағылар.
16 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр.
Облыс орталығынан келген дәрігерлерден құралған екі бригада жұмыс істеп жатыр. Құрамында балалар мен ересектер реаниматологтары, травматологтар, хирургтар, нейрохирургтар бар. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Дәрілік заттар мен қан компоненттері толық көлемде бар, дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысында Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.
Қазавтожол республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шұғыл шектеу қойды.
Ақтөбе облысындағы жол апаты: ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Ақтөбе облысындағы жол апаты: ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар
0